Шымкентте PFIZER вакцинасының екінші компонентін алу басталды

2337
Adyrna.kz Telegram

Ковидке қарсы вакцинаның екінші дозасын салуға бүгін №13 қалалық емханаға жасөспірімдер мен емізулі аналар келді.

Ағымдағы жылдың 15-қарашасынан бастап, қалада 17-жасқа дейінгі білім алушылары ата-анасының рұқсатымен Pfizer вакцинасын алуды бастады. Бүгінге дейін қалада 6128 азамат аталған екпемен егілді. Вакцина алғандардың басым бөлігі жасөспірімдер. Нақтырақ айтқанда, екпе алғандардың 4728-і оқушы, 823-і емізулі ана, 632-і жүкті әйелдер.

Pfizer (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелген. «Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынылған ДДҰ-ның тізіміне енгізілген. ДДҰ-ның аралық деректеріне сәйкес, 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі балалардың тобы үшін осы вакцинаның жоғары тиімділігін және қауіпсіздігін көрсетті.

Пікірлер