Ақтөбеде із-түзсіз кеткен геологтар табылды

3865
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде із-түзсіз кеткен геологтар табылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір олардың жағдайы жақсы. Із-түзсіз кеткен геологтар кеше сағат 14.50-де байланысқа шыққан. Олар қыстақтан табылды.

"Жоғалған геологтар Қисықсай қыстағынан аман-есен табылды. Жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Қазіргі уақытта табылған 4 геолог Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына жеткізілді",-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 26 қарашадан бастап геологтарға іздеу жарияланды. Олар 25 қараша күні соңғы рет байланысқа шығып, кейін хабар-ошарсыз қалған. Құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. Сондай-ақ авиа іздеу үшін ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның еврокоптері ұшып, Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай маңын шолып өткен болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер