ЭКО кезінде әйелдерге өзге адамның ұрығын салып жіберген

2338

Калифорниядағы Лос-Анджелес қаласында екі әйел эко арқылы ұрықтандыру процедурасындағы қателікке байланысты бір-бірінің қыздарын дүниеге әкелгені анықталды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Daily Mail" басылымына сілтеме жасап.

Орны ауысып кеткен қыздардың бірі 41 жастағы музыкант Александр Кардинале мен оның 43 жастағы әйелі Дафнаның отбасында тәрбиеленген. Александр бір қарағанда қызының оған да, Дафнаға да ұқсамайтынын байқаған. Оның айтуынша, бұл нәресте өзінің баласы емес еген сезімнен арыла алмаған.

Алдымен Дафна күйеуі мен өзін сабырлыққа шақырып, бәрі жақсы екеніне сендіруге тырысты. Әйел қызды туған қызы деп санады, өйткені ол оны тоғыз ай көтеріп, дүниеге әкелді. Бірақ баласы мен ата-анасы арасындағы ұқсастықтың жоқтығын басқа адамдар да байқай бастаған.

Бірнеше аптадан кейін Кардинале эко жүргізілген клиникаға қоңырау шалып, нәрестенің суретін жіберуді сұраған. Осыдан кейін Дафна ДНҚ тестін сатып алып, екі айлық қыздың ата-анасы шын мәнінде басқа адамдар болғанына көз жеткізді.

Ерлі-зайыптылар адвокат жалдап, емхана өкілдерінен экстракорпоралды ұрықтандыру кезінде эмбриондар ауысып кеткенін растайтын дәлелдерді талап етті. Кардиналенің қызы басқа жұптың биологиялық қызы болғандығы анықталды, демек олар Кардиналенің баласын дүниеге әкелген.

Шындықты білген Кардинал алғаш рет өзінің шынайы қызының суретін көрді. Олар басқа ата-аналар оны Зоуи деп атағанын біліп, бұл атауды өзгертпеуге шешім қабылдады. Қыздар төрт айға жеткенде жұп сәбилерін алмастырды.  Бұл жағдай олар үшін үлкен сынақ болса да отбасы бірігіп, етене жақын араласып, қазір демалыс күндерін бірге өткізетін болған.

Кардинал экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасы жүргізілген Калифорниядағы репродуктивті денсаулық орталығын және оның иесі доктор Элиран Мораны сотқа берді. Ерлі-зайыптылар клиниканы медициналық қателік, немқұрайлылық және алаяқтық жасады деп айыптап отыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы