Лукашенко: Ядролық соғыс болады

2289
Adyrna.kz Telegram

А.Лукашенко белорус халқымен Екінші дүниежүзілік соғыс үшін әлі есеп айырылыспағанын баса айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Беларусь басшысы Александр Лукашенко BBC News-ке берген сұхбатында Ресей мен НАТО-ның ядролық соғысқа қатысу мүмкіндігі туралы айтты.

"Егер біз осы жерде, Беларусьте соғыс бастасақ, оған НАТО да, Ресей қатысады, бұл  — ядролық соғыс", - деді Беларусь басшысы.

Ол сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс үшін белорус халқымен әлі есеп айырылыспағанын атап өтті. "Сол соғыс басталғаннан бері әлі 100 жыл өткен жоқ, ал әлем жаңа соғысты бастауға тырысып жатыр", - деді Лукашенко.

Сондай-ақ сұхбатында Лукашенко Польша қауіпсіздік күштерінің Брузги бақылау-өткізу бекеті маңында мигранттармен қақтығыс кезінде Беларусь мемлекеттік шекарасын бұзғанын айтты.

Ол іргелес аумаққа ешкімнің "қаруды да бұра алмайтынын" баса айтты. Сонымен қатар, ол өз елінің әскерилері Таяу Шығыстан келген мигранттарға Польшамен шекарадан өтуге көмектескенін мойындады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер