«Еңбек» бағдарламасымен 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

204

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың 9 айлық есебін қабылдады.

Қалада 2021 жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, есепті кезеңде 19 347 адам жұмысқа орналасқан.

Басқарма басшысының сөзінше, мемлекеттік бағдарламаның І бағыты бойынша 2 675 адам 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына, ІІ бағытында 2 155 адам «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік курсына оқытуға жолданды. Шағын несиені 53 адам алса, 584 адамға мемлекеттік грант берілді.

Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу) 8 168 адам бос және жаңа жұмыс орындарға, 336 адам әлеуметтік жұмысқа, 2 531 адам жастар практикасына, 2 845 адам қоғамдық және 115 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы бойынша 24 айға жолданды.

Б.Нарбекова халықты әлеуметтік қорғау бағыты жөнінде де айтып өтті. Осы жылдың І тоқсанында 36 969 отбасыға (179 209 адам), ІІ тоқсанда 30 962 отбасыға (149 147 адамға), ІІІ-тоқсанда 19 333 отбасыға (90 177 адамға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленген.

Пікірлер
Редакция таңдауы