"Теректі әулие" петроглифтері Ұлытау ауданы, Теректі әулие Теректі темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Бұл Орталық Қазакстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші неолит, энолит, қола дәуірлерінің қолтаңбасы бар, ерте темір дәуірінде бағалы металдарды өндірген орындар мен түрлі қорғандардың ізі қалған киелі мекен.
XX ғасырдың 40-шы жылдары ОҚАЭ-ньң жетекшісі академик Ә.X.Марғұлан осы ескерткішке алғаш назар аударып, қыскаша сипаттама береді. Теректі әулиені кешенді зерттеуді 1996 жылдан Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізді (жетекшісі 3.С.Самашев).
Теректі әулие археологиялық кешені тасқа бейнеленген суреттерден, неолиттік тұрақтардан, қола дәуірінің қоныстары мен некропольдарынан т.б. тұрады. Теректі әулиеде тасқа жануарлар суреті бейнеленген. Бұның барлығы сақ дәуіріне жататын «аң стилі» бейнелеу өнеріне саяды.
Жалпы, Теректі әулие петроглифтері: қола дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 2-1 мың жылдықтың басы); скиф-сібір дәуіріне (біздің заманымыздан бұрынғы XII - біздің заманымыздың I ғасырлары) және орта ғасырға жатады. Археолог Ж.Құрманқұловтың жетекшілігімен Жезқазған университеті барлау-археологиялық экспедиция ұйымдастырып (2003), «Теректі әулие тылсымдары» атты фотокөрме өткізді (2004).
“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында
Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағат
және құжаттама басқармасы мен “Адырна”
ұлттық порталының бірлескен жобасы