«Адам етінен беляши»: Қазақстандағы нағыз маньяктар туралы веб-сериал жарық көрді

4427
Adyrna.kz Telegram

Желіде Salеm Social жарыққа шығарған тағы бір веб сериал кең танымалдылыққа кенелуде. Бұл жолғы сериал 90-жылдардағы адам өлтіру ісімен айналысқан маньяктардың жантүршігерлік істері жөнінде түсірілген "5:32" туындысы. Ол қалай түсірілді? Не туралы?

Сюжет тергеуші Шалқардың өмір тарихына негізделген, ол 90-шы жылдары жан түршігерлік кісі өлтірулер тізбегін тергеп, кейін полиция сериялы маньякты ұстай алмаған. Араға жылдар салып, қатігез қылмыскер тағы да сол әрекетін қалада жалғастырады. Оны ұстау үшін істің жаңа тергеушісі Әмір тәжірибелі маманның көмегіне жүгінеді. Қарт, шаршаған Шалқар тағы да ескі жаудың ізіне түседі. Жауызды жауапқа тарта ала ма?

Стартовали съемки веб-сериала «5:32» о реальных маньяках из 90-х

Идея авторы, продюсер әрі режиссер Алишер Утевтің айтуынша, ол көп жылдар бойы ерекше атаудағы жобаны ойлап жүрген:

«5:32» веб-сериалы расымен де ерекше, өйткені ол шынайы оқиғаларға негізделген. Біз бар әңгімелердің фактілерін зерттеудің ұзақ жұмыстарын жүргіздік. Әрбір эпизодта маньяктың нақты прототипі немесе бірнеше адамның жалпы бейнесі болады» деді ол БАҚ-қа берген сұхбатында.

Алишер Утевті отандық киноиндустрияның майталманы деп атауға болады, өйткені оның қазақ киноиндустриясындағы қадамы сәтті болуда. Дәл оның сценарийлерінен ең көп кіріс әкелген отандық екі франшиза – «Бизнес по казахски» және «Брат или брак» бір уақытта үздік туындыларға айналды. Ал биыл Ақан Сатаев та таспалаған 90-жылдардың тақырыбын Утев қайта жаңғыртты.

Стартовали съемки веб-сериала «5:32» о реальных маньяках из 90-х

12 сериялы «5:32» веб-сериалында басты рөлді Әбілмансұр Серіков сомдады, ол жас тергеуші Шалқарды сомдайды. Сондай-ақ жобада 90-жылдардағы жас Шалқардың серіктесі Думанды сомдау актер Қобыланды Болатқа бұйырыпты.

Түсірілім жұмыстары Жамбыл облысында, Тараздан 60 шақырым жердегі Қаратау мен Жаңатас қалаларында болды. Негізінен веб-сериалды 40 күн түсіру жоспарланған.

Сериал «5:32»: южная готика Казахстана

Жобаның алғашқы сериясы 12-қарашада жарық көрді. Бүгінде миллионнан астам қаралым жинап үлгерді.

Веб-сериал қатаң түрде 21 жастан асқан адамдарға ғана көруге рұқсат етілетіні және жүрегі әлсіз, аяғы ауыр жандарға ұсынылмайтыны ескертіледі. Сериалда шынайы оқиғаның атмосферасын максималды тұрғыда жеткізу үшін ашық көріністер жиі түсірілген. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер