Вакцина туралы дау: Белгілі жекпе-жекші дәрігерді ұрып өлтірді

2520
Adyrna.kz Telegram

Американың Гуам аралында Ресей атынан рингке шығып жүрген Өзбекстан Азаматы Акмал Ходжиев дәрігер Миран Рибатиді өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

27 жастағы Акмал Ходжиев Миран Рибатимен дос болған. 7 қараша күні Рибати Ходжиевтің үйінде қонақта болған. Бұдан бөлек Ходжиевтің анасы мен әпкесі де сол күні үйде болған. Миран мен Акмал коронавирусқа қарсы вакцина туралы әңгімеде сөзге келіп қалған.

Ходжиев өз әлеуметтік желісінде вакцина алмағанын, және оқырмандарына да одан бас тарту туралы ашық айтқан.

Ходжиев осы сәтте дәрігерді тұншықтыра бастаған. Ол асхана үстелінен сүйекті алып, Рибатидің мойнына бірнеше рет соққы берген. Анасы мен әпкесінің арашалап қалуымен, Рибати Ходжиевтен құтылу амалын жасағанымен, Акмал оны жібермей, одан әрі бірнеше жерінен пышақ сұққан.

Ходжиев өз еркімен беріліп, Рибатиді өлтіргенін мойындады.

Акмал Ходжиев Самарқандта туып, кейін Санкт-Петербургке қоныс аударған. Соңғы үш жыл бойы ол Гуамда тұрады.

Осы уақытқа дейін Ходжиев кәсіпқой рингте 4 жекпе-жек өткізген. Осы шайқастардың үшеуін жеңіспен, біреуін жеңіліспен аяқтаған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер