Шымкент қаласының жұысмпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан халықты жұмыспен қамту шаралары үш бағытта жүргізіледі. Олар «Еңбек» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы» және салалық бағдарламалар негізінде құрылатын жұмыс орындары.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 23 722 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде тұрақты – 14 233, уақытша – 9 489. Бүгінде нақты 21 325 орын ашылған (89,9%), атап айтқанда 13 207 – тұрақты жұмыс орындары, ал 8118 – уақытша жұмыс орындары.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде биыл Шымкентте барлығы 12 инфрақұрылымдық жоба нақтыланып, микрокредит беру және бизнесті дамыту бағыттары бекітілді.
Бірінші бағытта, 12 нысанның құрылысы көзделген. Ол 2 білім беру, 1 спорт, 1 сумен және 8 электрмен қамту нысандары.
Құрылатын жұмыс орындары 392, оның ішінде 198 орынға азаматтар жұмысқа қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдану көзделсе, бүгінде нақты орналасқаны -379, орталық арқылы 198 жұмыссыз азамат жұмысқа орналасты.
Нысандардың біреуі 2020 жылдан өтпелі, 11 жоба жаңадан басталған жобалар, олар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылған жұмыс орындарының саны- 348.
- 3 жоба әлеуметтік-мәдени обьектілерге бағытталған. Құрылатын жұмыс орындары 120 орын, нақты 122 орын ашылып, азаматтар жұмысқа орналасты. Жұмыстарды үйлестіруші құрылыс басқармасы болып табылады.
- 9 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық обьектілерінде құрылыс жұмыстары, құрылатын жұмыс орны -257.
Екінші бағытта шағын, орта бизнесті дамыту, жұмыс орындарын құру үшін микрокредиттер беру көзделген. Бүгінгі күнге ҚР Ұлттық Экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігі арасында кредиттік келісім шарт түзілген.