Министр Қазақстанда көліктердің қымбаттауына қатысты пікір білдірді

301

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда көліктердің қымбаттауына не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Көбісі Қазақстанда шығарылатын негізгі брендтерге сілтеме жасайды, бірақ сонымен бірге Қазақстанда мүлдем шығарылмайтын BMW, Mercedes, Toyota сияқты басқа брендтердің бағасы көтерілді", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, дәл осындай қымбатшылық Ресейде де, Қытай мен Еуропа нарығында да орын алған.

Біріншіден, бұл кейінге қалдырылған сұраныстың «еңбегі». Пандемияның шарықтау кезеңінде адамдар іс жүзінде үйге қамалды, банктер жұмыс істемеді. Автокөліктер мен туристік қызметтерге сұраныс төмендеді. Енді сұраныстар азайғандықтан, сауда қызметтері айтарлықтай өсті. Дәл осы кезде сұраныс артып, электронды чиптермен қамтамасыз ету жүйесінде ақау орын алды, – деп түсіндірді ИДМ басшысы.

Ол санкциялар негізгі автокөлік жеткізушілері - Тайвань мен Қытайға салынғанын атап өтті. Ал басқа елдердің кейбір компаниялары өндірісін тоқтатып жатса, Қазақстанда отандық автоөндіріс дамып келеді. Биыл министрдің айтуынша, 65 мың көлік шығарылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар