Жамбыл облысында қылмыстық топ Қырғызстанға жанармай жіберіп отырған

7030
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы Меркі ауданында Қырғызстанға жанармайды заңсыз тасымалдағандар анықталды. Олар көрші елге бензинді арнайы жасалған жерасты құбыры арқылы жеткізіп отырған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Меркі ауданындағы шекаралас ауылдардың бірінің тұрғыны аталған қылмыстық дерек туралы телефонға жазылған бейнежазбасын әлеуметтік желіге жүктеген. Автордың сөзінше, пластик құбырдың ұзындығы бір шақырымға жетеді.

Қазақстаннан басталған құбырдың соңы Қырғызстанға кетіп жатқаны белгілі болды. Әзірге құбырдың қай уақытта төселгені және ол арқылы көрші елге қанша көлемде бензин мен дизель отынының өтіп кеткені туралы ақпарат жоқ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі бұл деректі шекара жасағының бірі анықтағанын айтып отыр. Қазір контарабандамен айналысқан топ іздестірілуде.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер