Мамай мен Иманбаева бюджетке 280 мыңнан астам теңге төлейді

2989
Adyrna.kz Telegram

Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева Алматы бюджетіне 280 032 теңге төлейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Байбектің өкілі Айжан Тәшенованың facebook-парақшасына сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, бүгін және кеше Алматы қаласы сотының апелляциялық алқасында Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның сот шешімін орындамағанына байланысты заңгер Ерлан Қалиевтің №2 Әуезов аудандық сотының мемлекет кірісіне өсімпұл өндіріп алу туралы шешіміне қатысты берген жеке шағымдары қаралған болатын.

«Сот борышкерлердің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. Бұл жағдайда, оларға енді Алматы бюджетіне жалпы 280 032 теңге төлеуге тура келеді. Соттың шағымды қанағаттандырудан бас тартуы және оның себептері өте қарапайым. Мен осыған дейін жазғанымдай, жеке шағым заңнамалық тұрғыда сауатсыз дайындалған. Сонымен қатар, шағымда сот шешімінің күшін жою үшін бірде-бір заңды негіз жоқ», - деп жазды Бауыржан Байбектің өкілі Айжан Тәшенова  өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, А.Тәшенова Мамайдың отырысқа жеке қатыспауды жөн көріп, процесті тікелей эфирге трансляциялаудан бас тартқанын да хабарлады.

«Осы сот процестері борышкерлердің ішкі мотивтері мен шынайы бейнелерін, олардың барлық мәлімдемелерінің негізсіздігі мен жалғандығын ашып көрсетті. Басқаша болу мүмкін де емес: жауапкерлер бірінші және екінші инстанциялардағы сотқа маған сенім білдіруші Б.Байбекке қатысты өздерінің ойдан шығарылған және толықтай жалған айыптауларына бірде-бір дәлел, факті, қандай да бір құжат ұсына алмады», - дейді заңгер.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

 

 

 

Пікірлер