Гарвард деканы Ақназар туралы: Колледждің өте құрметті, ардақты мүшесі еді

3061
Adyrna.kz Telegram

Колледж деканы Ракеш Хурана студенттерге жолдаған хатында студент Ақназар Қажымұраттың қазасына тоқталып, оны колледждің өте құрметті, ардақты мүшесі деп атады. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды. 

«Ақназардың математикаға деген табиғи дарыны бар еді. Ол басқа студенттерге математикадан сабақ беретін. Көмектесуден қашпайтын еді.

Бірінші курстан-ақ оның оқуды ұнататынын, басқаларға көмектесуді жаны сүйетінін байқадым.

Декан Ақназардың көп студенттерге үлгі екенін, көбін шабыттандыратынын, және тынымсыз еңбектің арқасында үлкен нәтижеге жетуге болатынын көрсеткенін айтты.

«Осы қиын сәтте біз Ақназардың отбасымен біргеміз», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетсек, НЗМ мектебінің түлегі, Гарвард студенті Ақназар Қажымұраттың осыдан бірнеше күн бұрын Алматы қаласы Бостандық ауданынан өлі денесі табылған еді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер