Ақтау тұрғыны 6 баласын асырау үшін он қабатты үйдің шатырына тауық қора салған

6851
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда ер адам отбасын асырау үшін он қабатты үйдің шатарына тауық қора салған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Лада.кз сайтына сілтеме жасап.

Тауық қора салу идеясы Русланға бір ай бұрын ойына келген. Оның себебі –  азық-түліктің қымбаттауы болды. 12-ықшамауданда орналасқан үйдің шатырының кілтін оған Пәтер иелерінің кооперативі берген. Ол енді тек құстарды ғана емес қояндары да асырап отыр.

"Төбеде қоқыс, қажетсіз заттар жатты. Бәрін реттедім, еден құйып, бұл жерді жылыттым", – деді ол.

Бастапқыда кейбір тұрғындар тамақ қалдықтарын әкеліп көмектескен. Алайда 10 қараша, сәрсенбіде ер адамға полиция келді. Көршілері түнгі уақыттағы дыбыстарға, жағымсыз иіске шағымданған.

Полиция ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы ("ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу") және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы ("Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ қала мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру") бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер