Арман Шораев: Ресей оккупациясы аяқталып, елде тек Мәскеу ғана қалады (ВИДЕО)

11694
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі Арман Шораев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстандағы ксенофобия туралы айтқан мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Соңғы екі жылда бізге Ресей тарапынан түрлі негізсіз айып тағылып келеді. Менің ойымша, одақтастар, шын достар бұндай әрекетке бармайды. Сыртқы істер министрлігінің қолданып отырған позициясын түсінбеймін. Неге Ассамблея үн-түнсіз отыр? Керісінше, бұл мемлекетте ксенофобиялық көзқарас ушығып тұр емес пе? Осылай жалғаса берсе, Ресей оккупациясы аяқталып, елде тек Мәскеу ғана қалады»,– деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Лавров "Российская газета" басылымында жарыққа шыққан мақаласында Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндерге ксенофобиялық көзқарас барын айтқан еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер