Қазақстанда нан бағасы қымбаттауда

3048
Adyrna.kz Telegram

Атырау тұрғындары нан бағасының қымбаттауына шағымданды. Нанның бағасы 5-10 теңгеге өсті.  Мұны ұнның, электр энергиясының және отын бағаларының өсуімен байланыстырады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Барлығы ЖЖМ бағасының өсуіне, тасымалдардың қымбаттауына, энергия тасымалы мен ұн бағасына байланысты. "Азық-түлік корпорациясы" арқылы жақын арада 1 мың тонна бидай  ЖШС "Каратқа" түседі. Содан кейін бағаны ұстап тұруға мүмкіндік бар"- деді Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

Атыраулық шенеуніктер бағаны 95 теңге деңгейінде ұстап тұруға тырысқандарын мойындады. Бірақ  ұн мен энергия құнының 10 теңгеге қымбаттауы жағдайды қиындатты. Енді нан 100 теңге тұрады.

Ал Қарағандыда  нан бірден 30 теңгеге қымбаттаған. Егер бұрын бидайдан тартылған нанды 80 теңгеге сатып алған болса, енді оның бағасы кей жерлерде 120 теңге. Қарағандылықтар соңғы алты айда азық-түлік бағасы айтарлықтай өскенін және бұл үрдістің қашан тоқтайтыны белгісіз екенін атап өтті.

Пікірлер