Грекиядағы дау: 100 мың антиваксерді алдап, шын вакцина салған

2483
Adyrna.kz Telegram

Грекияда ғасыр алаяқтығы тергелуде. Полиция он мыңдаған антиваксерлердің дәрігерлерге «неро» (грекше су) екпесін алу үшін пара бергенін анықтады. Алайда, қылмыстық қудалаудан қорыққан дәрігерлер сыйақы алуды ұмытпастан, оларға covid-19-ға қарсы нағыз вакцинаны салыпты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Грекияның Megatv.com телеарнасының хабарлауынша, алаяқтыққа 100 мыңға жуық антиваксерлер қатысып, дәрігерлерге жалған вакцинация үшін 400 еуро төлеген.

- Бүгінгі таңда Афиныдағы вакцинация орталықтары, Батыс Македониядағы Кардица және Пелопоннестің бірнеше аудандары сотталулар мен хабарламалардың дауылынан кейін денсаулық сақтау инспекторларының тұрақты тексерулерінде, - деп хабарлайды теледидар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінгі күні Грекия халқының 61%-ы коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер