Азия чемпионаты: Шымкенттік спортшылар жоғары нәтиже көрсетті

638

Қостанай қаласында өткен ұлттық жекпе - жектен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Шымкент қаласынан 9 спортшы қатысып, 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді.

Атап айтқанда, Қуаныш Тимур 63 келі, Әбдуілі Саят 70 келі салмақта жеңімпаз атанды. Сейдазым Әлібек 75 келі салмақта алтын медальға қол жеткізсе, Мейрханов Сейтхан 59 келі салмақта күміс жүлдегері атанды, Утемисов Бекжан 57 келі салмақта қола жүлдегерлер атанды.

Айта кетейік, Қостанай қаласында 28-31 қазан күндері Азия чемпионаты өтті. Сонымен қатар, Қазан қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында шымкенттік спортшы белбеу күресінен жүлдегері атанса, 100 келі салмақта Нұрсұлтан Қожагелді Шымкент қаласының абыройын қорғап, күміс медаль иесі атанды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер
Редакция таңдауы