Алғашқы алтын қоржында: Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанды

2669
Adyrna.kz Telegram

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы алтынын жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап "Адырна" ұлттық порталы. 

48 келіде жұдырықтасқан Теміртас Жүсіпов финалда таиландық Вуттичай Юрачайды 5:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, ол қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберіп, өзінің әлемдегі мықтылығын дәлелдеді.

Жекпе-жек толығымен қазақстандық спортшының басымдығымен өтті. Теміртас салқынқандылығынан танбай, таиландтық боксшыға артық соққы жұмсатпай, үш раундты да бір деммен өткізді.

Айта кетелік, Теміртас Жүсіпов бұған дейін әлем чемпионаттарында жүлде алмаған. Ол Азия чемпионы, әскерилер арасындағы әлем чемпионы және Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Теміртас әлем чемпионы атағын 33 жасында жеңіп алып отыр. Құттықтаймыз!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер