2 күн бұрын жоғалып кеткен Гарвард университетінің студенті Ақназар Қажымұраттың мәйіті табылды

8865
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Гарвард университетінің студенті Ақназар Қажымұраттың мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы полиция департаментіне сілтеме жасап.

2018 жылы Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі жас кемеңгер Гарвард университетіне оқуға түсті.

Студент Алматыда академиялық демалыста болғаны айтылады.

Алматы полиция департаменті іздеу шаралары аясында жедел-іздестіру тобының құрылғанын хабарлады.

“Бүгін ҰБ криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданы аумағынан жас жігіттің денесін тапты. Зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталуда”,-деді полиция.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда 3 қараша күні із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Ол Алматы қаласында кездесуге кеткені белгілі болды. Соңғы рет телефонмен сағат кешкі 20:27 арасында әжесімен сөйлескен.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер