“Қостанай-Алматы” бағытындағы пойызға “бомба” қойылған

5420
Adyrna.kz Telegram

Үйден кетіп қалған әйелін қайтару мақсатында ер адам "Қостанай-Алматы" бағытындағы пойызға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама қалдырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kstnews.kz порталына сілтеме жасап.

5 қараша күні сағат шамамен 00:33-де Есіл станциясына тоқтаған жолаушылар пойызында шұғыл тексеріс жүргізілді. Полиция бөлімшесіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Түн уақытында пойыздағы барлық жолаушылар сыртқа шығарылып, түгел тексеріс жүрді. Жіті тексеріс кезінде пойыздан ешқандай жарылғаш зат табылмаған.

"Жолаушы әйелден жауап алынды. Ол осы әрекетке бірге тұратын 22 жастағы ер адам бару мүмкін екенін айтты. Жолға шығардың алдында екеуі ұрсысып қалған", - дейді полицейлер.

Күйеуімен сөзге келіп, пойызбен қайтып бара жатқан әйелі мен баласын тоқтату мақсатында осындай қадамға барған.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер