«Күнә iстесең, тозақта шiрисiң»: кішкентай балалар желіні шулатты

3516
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде жұмақ пен тозақ турасында уағыз айтып жатқан ойын баласының видеосы тарады. Ол кішкентай iнiciне "о дүние" туралы айтып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі sn.kz-ке сілтеме жасап.

Facebook-те пайда болған видео желі қолданушыларын тiксiнтiп тастады. Онда жас бала кiшкентай iнiсiне "о дүниеде" жұмақ пен тозақ бар екенін, өтiрiк сөйлесе жазаланатын айтып жатыр. Ол "Жұмақ жақсы емес пе", — дейдi. Жасы онға да толмаған баланың бұл әрекеті желiде қызу талқыланып жатыр.

"Мына балалардың болашағын ойлаудың өзі қорқынышты", "Бала-бала болып өсуi керек, дiнмен миларын уламау керек", "Күнәнiң не екенін қайдан бiлсiн, обал-ақ", "Ағасы ақылды, iнici де ұйып тыңдап отыр",— деп түрлі пікір қалдырған.

Видеоның елiмiздiң қай өңiрiнде түсiрiлгенi белгіciз.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер