KN: ұлы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықса, әкесі жаңа шаш үлгісімен суретке түсіп әлек

8058
Adyrna.kz Telegram

Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл ауруханадан шықты. Кардиоорталықта жасалған емнен кейін оның жағдайы жақсарған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бірнеше күн бұрын Жұлдыз Әбдукәрімова ұлы Нарұлдың ауруханаға түскенін айтты. Кейін Қайрат Нұртастың жары жанкүйерлерін қуантып, баланың жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын хабарлады. Жұлдыз баланы ауруханадан үйіне алып кетті. Ол Нарұлдың өзі үшін алаңдаған жазылушыларына алғысын білдірген бейнероликпен бөлісті.

- Баршаңызға рақмет! Мені уайымдап жүрген жандарға көп алғыс айтамын! Мен больницадан шығып бара жатырмын, сіздер де ауырмаңыздар!"- деп атап өтті Нарұл.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Жанкүйерлер балаға мықты денсаулық тілеп, Жұлдызды барынша қолдауға асықты. "Ауырма, балапан", "Жұлдыз, Сіздің ұлыңыз әлі үйге осындай керемет келін  әкеледі, сондықтан барлық жақсылық әлі алда", Анасына қатты ұқсайды", " Саған ұзақ және бақытты өмір тілеймін, Нарұл!"— деп жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ актриса баланың жағдайы туралы айтқан дәрігердің видеосын жариялады. Маман Нарұлға үш жыл бұрын өте күрделі және сирек кездесетін туа біткен жүрек ақауы диагнозы қойылғанын түсіндірді. Бірегей операция жасалды. Қазір дәрігерлер кішкентай науқастың жағдайын үнемі бақылап отырады. Бұл жолы коронарографияны сәтті өткізіп, оны үйіне жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртас ұлы ауырып жатқанда жаңа шаш үлгісімен суретке түскені үшін көпшілік алдында ұятқа қалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер