«QazVac» пен зеңге қарсы препарат дайындағандар 37 млн теңге сыйақы алады

2737
Adyrna.kz Telegram

«QazVac» вакцинасы мен зең ауруына қарсы «Розеофунгин-АС» препаратын ойлап тапқан отандық ғалымдарға әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығы табысталады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды.

Онда мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақы сомасы 37 200 000 теңгені құрайтыны көрсетілген.

Сыйақы төменде аталған жандарға беріледі:

"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Аманкелді Садановқа;

"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Ася Балғымбаеваға;

"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вирусология бөлімінің жетекшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Владимир Березинге;

"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Ілияс Құлмағамбетовке;

"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Людмила Треножниковаға;

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультетінің доценті міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Ұлтанбековаға табысталады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер