Президент сапары: Қарағанды облысы 51,7 млн теңгені неге жұмсады?

2965
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды ​​облысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары үшін  51,7 миллион теңге жұмсаған. Бұл туралы Protenge телеграм каналы мәлімдеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Ақшаның нақты не үшін жұмсалғаны белгісіз. Мемлекеттік сатып алу сайтында техникалық сипаттама көрсетілмеген. Олар 51,7 миллионға Мемлекет басшысының "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне жұмыс сапары аясындағы  іс-шараны дайындап, өткізгені белгілі",- деп жазылған каналда.

Айта кетейік, 20 қазан күні Президент Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар аясында  ол Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенін аралап көрді. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдің туристік әлеуеті туралы баяндама жасап, Президентке курорттық аймақтар мен тарихи-мәдени кешендерді дамыту жоспарын ұсынды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер