Новосибирск облысы бойынша Россельхознадзор басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасымен шекарада орналасқан "Қарасуқ" фитосанитарлық бақылау бекетінде 18 тонна жаңа піскен құрманы өткізбеген.
Карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағынан жоғары фитосанитарлық қауіпті өнім партиясы Өзбекстан Республикасының фитосанитариялық сертификатының көшірмесінсіз тасымалданғаны анықталды.
Осыған ұқсас себеппен өткен аптада өзбекстандық карантинге жатқызылған өнімнің 4 партиясы (жүзім, қара өрік, анар, кептірілген жемістер, итмұрын, жержаңғақ, күріш жармасы, кептірілген бұршақ) жалпы салмағы 77,2 тоннаны құраған өнімді Ресей бекеттері өткізбей қойған болатын. Ресей соңғы апталарда Қазақстан аумағы арқылы тасымалданған жалпы салмағы 222,9 тоннаны құрайтын жүкті кері қайтарған.
"Адырна" ұлттық порталы