Ауыл әкімінің сотталуы хикаяға айналды

150
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің экс-әкімі Нұрғали Аппазов  2020 жылы белсендіге қарулы шабуыл жасағаны үшін және 2022 жылы әкім қызметінде болған кезінде жер мәселелері бойынша алаяқтық әрекеттері үшін сотталған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2019 жылы Нұрғали Аппазов Талғар ауданы әкімдігі ғимараты жанында Ғалия Арзамасова есімді белсендіге қарулы шабуыл жасағаннан кейін шудың ортасында қалды. Шабуылға қатысы бар деп танылғандардың қатарында экс-әкім мен оның жүргізушісі болды. Оларға қарсы іс "Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық" бабы бойынша қозғалды. Дегенмен 2019 жылдың қазан айында Аппазовтың 6 312 500 теңге көлемінде кепіл сомасын төлеп, уақытша босатылғаны белгілі болды.

2020 жылдың қыркүйегінде Талғар аудандық соты Нұрғали Аппазовты белсендіге жасалған шабуыл ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруға үкім шығарды. Оның жүргізушісі тараптардың татуласуына байланысты босатылды.

Көп ұзамай бұл оқиға  ұмытылмай тұрып, Аппазовқа қатысты тағы бір дау шықты. Бұл жолы ол жер учаскелеріне қатысты алаяқтық жасады деп айыпталды.

2015-2019 жылдар аралығында Панфилов ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған Аппазов, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Алматы облысының Кызылту ауылы маңында және Алматы әуежайының айналасында мемлекеттік жер қорынан заңсыз түрде 191 учаске сату арқылы 12,733 гектар жерді сатқан.

2022 жылдың маусымында Аппазов билікті асыра пайдалану әрі теріс пайдалану және алаяқтық бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Алғашқы жазасын ескере отырып,  8 жылға қамау жазасы тағайындалды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің айтуынша Аппазов жазасын түрмеде өтеген, бірақ кейінірек сот шешімімен жазасы жеңілдетіліп, айыппұлға ауыстырылған.

Кейінірек Алматы облыстық соты 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Аппазовтың жазасын жеңілдету туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған. 2024 жылғы 8 ақпандағы сот отырысында бұл шешімнің күшін жою туралы жаңа шешім шыққан. Сонда да Аппазовтың түрмеге қайта оралмағаны және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тізімге енгізілмегені белгілі болды.

Кейінірек ішкі істер министрлігі Аппазовтың ұсталғанын, уақытша ұстау изоляторына жіберілгенін және колонияға жіберілуін күтіп отырғанын хабарлады.

Пікірлер