Тайваньның солтүстік-шығысында күшті зілзала болды, жер сілкінісінің магнитудасы 6,5 балл деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері аралдың солтүстік-шығысындағы Илань қалалық уъезі маңында тіркелген.
Күші одан аздау жер асты тербелестері бүкіл арал мен Қытай жағалауындағы Фуцзянь елді мекенінде болған. Әзірге зардап шеккендер мен шығын туралы мәлімет жоқ.
Жер сілкінісінің ошағы Илань қаласына жақын маңда, шамамен 70 шақырым тереңдікте болған.
"Адырна" ұлттық порталы