30 афтершок. Түркияда тағы да жер сілкінді

1978
Adyrna.kz Telegram
Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com

Түркияның шығыс бөлігінде 5.9 баллдық жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төтенше жағдай 16 қазан күні болған. Түркиядағы Малатия провинциясының Кале ауданында 5.9 баллдық жер сілкінісін тұрғындар жергілікті уақыт бойынша 10:46-да сезген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Малатия қаласынан 45 шақырым жерде, 9 шақырым тереңдікте орналасқаны анықталды. Кеше 30 афтершок, яғни қайталама дүмпу байқалған. Салдарынан 3 ғимаратқа зақым келіпті.

Жергілікті тұрғындар мен билік органдары жағдайды бақылауда ұстап, жедел көмек көрсету үшін дайындықтарын жүргізуде. Түркияның шығыс бөлігінде мұндай сейсмикалық әрекеттердің магнитудасы 6,0-ден жоғары болған жағдайда қауіпті болып саналады.

Билік азаматтарға алдағы сағаттар мен күндерде болуы мүмкін жер сілкіністеріне дайын болуды хабарлады.

Айта кетейік, 2023 жылы 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі тіркеліп, қалалар қираған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер