Бүгін – Санжар Асфендияровтың туған күні

5023
Adyrna.kz Telegram

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог Санжар Асфендияровтың туғанына 132 жыл толып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1889 жылы Ташкент қаласында өмірге келген. 1907 жылы жаратылыстану, математика пәндерін тереңдете оқытатын Ташкенттегі реалдық училищені бітірді.

Санжар Жапарұлы – тұңғыш қазақ дәрігерлерінің бірі, Алматы медициналық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931-1933 жж.).

Ол институтта жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық химия, гигиена бөлімдерін және хирургия кафедрасын ашты. С.Ж.Асфендияров жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қойды. Халық арасында жиі кездесетін өкпе (құрт ауруы), шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медициналық көмек ісін жандандырды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер