Ресей: Орталық Азияда АҚШ әскерінің болуына төзбейміз

3983
Adyrna.kz Telegram

Ресей АҚШ-тың Орталық Азиядағы әскери күштерінің болғанын қаламайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуландпен кездесуінен кейін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Рябков:

«Біз Орталық Азия елдерінде АҚШ әскери күштерінің болуына жол берілмейтінін атап өттік.

Ол Нуландпен Ауғанстан тақырыбын талқылағанын түсіндірді. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары екіжақты қарым -қатынасты, жаһандық және аймақтық мәселелерді талқылау үшін кеше Мәскеуге ұшып келді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер