Қазақстан АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі бастамасын қолдады

711
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі бастамасын қолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазақстан халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін табанды түрде қолдайды. «Біз Ақ үйдің бітімгершілік бастамасын құптаймыз, оның негізгі ережелері Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтату, кепілге алынғандарды босату, гуманитарлық көмек көрсету және халықаралық қауымдастықтың қолдауымен Газа секторын кейіннен қалпына келтіру», -  делінген мәлімдемеде.

Сыртқы істер министрлігі ұсынылған шаралар жүзеге асырылса, бейбіт тұрғындар арасындағы қантөгіс пен құрбандықты тоқтатады, сонымен қатар аймақта бейбітшілікке қол жеткізу үшін алғышарттар жасайды деп үміттенеді.

«Біз ұзақ мерзімді қақтығыстың жалғыз шешімі «екі халыққа екі мемлекет» формуласы негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын Палестина мемлекетін құру екендігі туралы Қазақстанның өзгермеген ұстанымын растаймыз», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Пікірлер