Үш ауысымды мектептер толығымен жойылады

3802
Adyrna.kz Telegram

2025 жылға қарай еліміздегі мектептердің 90%-ы пәндік кабинетпен, 100%-ы қауіпсіз кіру, күзет және бақылау жүйесімен қамтылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ерекше атап көрсетерлігі, елімізде 3 ауысыммен білім беретін мектеп болмайды.

Бұл туралы министр: "3 ауысымды мектептерді толығымен жою жоспарланып отыр. 2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылады», – деп мәлімдеді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер