Әлеуметтік желіде білім күнінде оқушыларымен билеген мектеп директорының бейнесі тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматыдағы 209-шы мектептің директоры оқушылармен бірге билеп, жұртты сүйсіндірді.
Кішкентай оқушылармен билеп, көпті тәнті еткен директордың аты-жөні - Болат Мыңбаев. Ол мектепте 15 жыл бойы қызмет еткен.
Желі оқырмандары "Нағыз ұстаз екен!", "Жарады", "Бәрекелді, ұстаздың бәрі сіз сияқты болса", "Көзінің өзі күліп тұрады екен" деп жарыса жазып жатыр.