Қазақстанның эстрадалық әншісі Қайрат Нұртастың анасы, әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлын "мамасының баласы" деп, мазақ етіп жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы әншінің анасы Instagram-дағы парақшасында жазды.
- Елін-жерін, отанын сүю ер азамат үшін бірінші болып анасын құрметтеуден басталады. Анасын құрметтей алмаған адамда қайдан мейірім болсын. Мен тек Қайраттың анасы емес продюсерімін, соны біле тұра "Мамасының баласы" деп қаншама жылдар мысқылмен тиісіп келгендер аз болған жоқ, —дейді Гүлзира Айдарбекова.