Әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты

2128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_5972.jpeg
Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған қазақстандық әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Otyrar Telegram арнасына сілтеме жасап. Видеодан байқағанымыздай, өнер иесін ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері қарсы алған. «Уайымдаған барша жандарға рақмет», - деді Қайрат Нұртас. Оның анасы Гүлзира Айдарбекова сұхбатында мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп, барлығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін ұсталып, ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оқиға Алматы – Астана бағытында келе жатқан ұшақтың бортында болған. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Қайрат Нұртас 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған еді.
Комментарии