Қазақ қызын өзіне жар еткен африкалық күйеу жігіттің туыстары бидің түбін түсірді. Қара нәсілді құдағилар қазақтың камзолын киіп алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Африкадан келген құдалар биінің бейнеролик Facebook желісінде пайда болды. Онда бір топ қазақтар мен қазақы камзол киген қара нәсілді қонақтардың "Қамажайға" билеп жатқанын көруге болады. Құдалыққа жиналғандарға асаба би жарыс ұйымдастырып жатыр.
Қазақ қызын ұзатып алып кетуге келгендердің қай жақтан екені және бейнероликтің еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Ал, ұзату тойдағы қыз бен күйеу жігіттің фотосы желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызып жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы