"Енесі күн бермеген". Германияда жоғалған қазақ қызына қатысты тың дерек шықты

1687
Adyrna.kz Telegram
Фото: Гүлмира Әбіқай парақшасынан
Фото: Гүлмира Әбіқай парақшасынан
Германияда жоғалған қазақ қызының денесі көгерген, сырылған, құлақтары ісінген фотолары пайда болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК-ға сілтеме жасап.

Германияда судья із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Жоғалған қазақ қызы туралы оның ағасы тың дерек тапты.

“Қарындасым жоғалып кеткеннен кейін мен оның құрбыларымен тілдесіп,  қарындасымның қалай қиналғанын, күйеуі оған түрлі физикалық және психологиялық қысымға көрсеткенін естідім. Күйеуінің туыстары, әсіресе енесі күн бермеген көрінеді. Гематомалары, соққы алып, денесі көгерген, сырылған, құлақтары ісінген фотолары бар. Соңғы айда ол видеоқоңырауға шықпады”, – деді Айгүл Сайлыбаеваның ағасы Қанат Сайлыбаев.

Қазақстандық Айгүл Сайлыбаева 2020 жылы күйеуімен бірге елден кеткен еді. Олар әртүрлі елдерде тұрған, соңғысы – Германияның Бенсхайм қаласы болғаны анықталды. Әйелдің күйеуі құқық қорғау органдарына олардың нақты тұрғылықты мекенжайын айтқысы келмеген екен.

Сондай-ақ әйелдің туыстарымен соңғы рет 3 маусымда хабарласқаны белгілі болды.

“Жергілікті полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, олар мұқият іздейтіндерін айтты. Соған қарамастан Берлиндегі бас консулдығымыз бен елшілігіміз бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау үшін Германияның сыртқы істер министрлігіне тиісті үндеу жолдады. Қазір неміс тарапымен бірлесе отырып, Қазақстандағы туыстарына виза алу мәселесін пысықтап жатырмыз”, – деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Пікірлер