Түрмеде 2 жыл жазықсыз отырған ақтөбелікке 28 миллион теңге төленеді

5986
Adyrna.kz Telegram

Түрмеде 2 жыл бойы жазықсыз отырған ақтөбелікке бюджеттен 28 миллион теңге төленеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

2018 жылы компания филиалының басшысы қара металл сынықтарын жинап, 16 миллион теңге ұрлады деп айыпталған болатын. Сот күдіктіні 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Бірнеше жылдан кейін жоғарғы сот қылмыстық істі қайта қарап, бірінші сатыдағы сот істі жүргізу кезінде айыпталушының құқықтарын бұзды деген қорытындыға келді.

Ақталған азамат сот арқылы мемлекеттен оған келтірілген моральдық және материалдық залалды өтеуді сұрап, 90 миллион теңге талап етті. Сондай-ақ ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін адвокаттарға 3,5 миллион теңге жұмсаған.

Азаматтың талабы ішінара орындалды. Алдағы уақытта оған бюджеттен 28 миллион теңге төленетін болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер