Әлеуметтік желіде Қырғызстан азаматын АҚШ полициясы атып өлтірген видео тарауда. Бұған дейін АҚШ-та 1993 жылғы қырғыз азаматын тонау фактісіне қатысы бар деген күдікпен Ламар аймағында атып тастағаны жайлы хабарлама тараған еді.
Оқиға 5 қазан күні Клинтон аймағында болған. Қырғызстан азаматы полициядан қашу барысында үш көлікті қағып, жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Видеода белгілі болғандай Қырғызстан азаматымен екінші қырғыз азаматы сөйлесуге тырысады. Қырғыз азаматы оны көліктен түсуге үгіттейді, алайда күдікті азамат бас тартады. Біраз уақыттан кейін полицияның атқан оғының даусы естіледі.
"Алдын-ала ақпараттар бойынша көптеген оқтың әсерінен азамат қаза тапқан. Біздің елшілік оқиғаның мәнін анықтау үшін жедел арада АҚШ-тың қауіпсіздік саласы мен Мемдепартаментіне сұрау тастады. Қазір жауап күтіп отырмыз", — деді Қырғызстанның СІМ өкілі.
"Адырна" ұлттық порталы