8-қазан күні Күршім кентінен шығып, Күршім өзенінің бойымен судың сапасын тексеру мақсатында жүріп өттік. Маралды ауылының территориясында алтын өндірумен айналысатын "Маралды" ЖШС орналасқан екен.
Бұл кәсіпорында экологиялық талаптардан ауыткушылық байқалады.
Ол жөнінде жергілікті экология басқармасы өкілдері баяндады.
Мен өз кезегімде жұмысты экологиялық талаптарға сай және жергілікті халықпен бірігіп істеу керектііне назар аудардым.
Онан кейін "Визол" ЖШС территориясына келдік.
"Визолдың" су бойында жұмыс істеуге барлық лицензиялары бар және экологиялық талаптардың баршасын орындап отырғандығы анықталды. Бұл кәсіпорынның өндіріс орындары Күршім өзенінен алыста орналасқан және жерді рекультивация жасаумен жүйелі айналысып келеді. Бүкіл жұмыстары облыстык су бассейні, экология, орман шаруашлылығы өкілдерінің бақылауында іс-жүзіне асады.
Күршім өзенінің бойында орналасқан екі кәсіпорынның үлкенді-кішілі тәртәп бұзушылық болғанмен, өзенге экологиялық қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Бірақ біз алтын өндіріушілерге жергілікті халықпен бірігіп жұмыс істеу керектігін, экологиялық нормаларды қатаң сақтау, еңбеккерлердің жалақысын арттыру мәселесіне назар аударып кеттік.
Қалжыр өзенінің бойында алтын өндірушілер Қазақстанның экология, су заңдарын өрескел бұзған, басбұзарлықпен айналысқан деп айтуға болады.
Варварлық әдіс.
Бұл жақтағы мәселемен облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев тікелей айналысуда.
Жалпы, Қалжыр халқы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәселені өз бақылауында ұстап отырғанына байланысты, рахметін жеткізуде.
Бұл жақтағы экологиялық жағдайды, осындай "әттеген-айдың" қайталанбау мәселесін Nur-Otan Фракциясы мүшелері өз бақылауына алады.
"Адырна" ұлттық порталы