Алматыда Art of the new Technologies көрмесі ашылды

711

Алматыда смарт технологиялар мүмкіндіктерінен шабыт алған заманауи қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды. 7-10 қазан аралығында «Дом 36» ғимаратында Мұрат Ділманов, Борис Климов пен REPAS стрит-арт суретшілерінің шеберханасының арт туындылары ұсынылады. Алматы тұрғындары мен қонақтарына мұндай тартуды Huawei Mobile Kazakhstan ұйымдастырды.

«Қазіргі суретшілер ақылды құрылғылардың көмегімен классикалық шығармашылық әдістер мен соңғы технологиялар тоғыстырып, өнер туындыларын жасайды. Бүгінде планшеттер суретшілер үшін мольберттерді алмастырды. Ал қылқаламмен емес, стилиус қаламымен жасалған туындылар бүкіл әлемге танымал бола бастады. Көрменің мақсаты – сурет өнерінің майталмандарының қолындағы Matepad11 планшетінің шексіз мүмкіндіктерін көрсету. Танымал суретшілер бір айға жуық уақыт бойы Huawei құрылғыларында жұмыс жасады. Бұл ынтымақтастық қазіргі заманауи өнерді таныстыру үшін өте маңызды», - дейді Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фан Джинйонг.

Art of the new Technologies жобасында Мұрат Ділмановтың «Абай» инсталляциясы, Борис Климовтың «Дали» мүсіні және РЕПАС суретшілерінің стрит-арт кескіндемесі ұсынылды.

«Абай инсталляциясы. Қазақ үшін Абай - даналықтың нышаны. Бірақ мен кез келген адамның бейнесін қағазға түсіруге қарсымын. Қандай жан болмасын ол ең алдымен адам баласы. Мен өз жұмысымда ұрпақтар арасындағы байланысты бейнелегім келді. Ұлы Абай өзінің замандастарына өзінің білімі мен даналығын қолдана отырып, біздің ата-бабаларымыз секілді жақсы адам болып, дамып, жетілуге ​​кеш емес екенін жеткізе білді. Жоба өте қызықты. Маған тағы бизнестің жергілікті контентке бет бұрған ұнайды», - дейді танымал суретші, иллюстратор, карикатурист Мұрат Ділманов.

MatePad 11 планшетімен бірге Huawei жаңа M-Pencil-ді ұсынды. Бұл қалам өте төмен кідірістің арқасында қолжазба мен сурет дәлдігін береді. Сәулетші, мүсінші, дизайнер, декорация жасаушы Борис Климов өзінің тұжырымдамасының негізі ретінде сурет салудың ескі тәсіліне жаңа көзқараспен қарады.

«Мен тәжірибемен келген дағдыларға жаңа көзқараспен қарауға тырыстым. Егер шебер қолмен жұмыс жасауды білсе, оның жаңа жұмыс әдісін қолдануға мүмкіндігі бар. Ол сонымен қатар цифрлық әлемде өзіңіздің туындыларыңызды «сатуға» жаңа мүмкіндіктер береді. «Дали» бейнесі осы қағидаларды іске асырды. Суретші өзінің жарқын брендімен көрермендерді таң қалдырды. Қазіргі әлемде оның әлеуметтік желілерде теңдесі болмас еді. Дали өте керемет сурет салды, бірақ кейін ол өзінің ерекше стилін тапты. Ол бірегейлікті қосып, оны әлем суретшілерінің авангардына итермеледі. Бұл Huawei мен оның Harmony OS операциялық жүйесінің қызметіне ұқсайтындай», - деп Борис өз жұмысын сипаттады.

REPAS командасы жаңа Huawei MatePad 11 планшетінде «Қабырғаның бір бөлігі» туындысын салды.

«Құрылғыны кәсіби қызметте пайдалану дегеніміз - жобада иллюстрациямен жұмыс жасауды және эскиздерді визуализациялауды білдіреді. Huawei MatePad 11 көмегімен бұл тез, тиімді және кәсіби түрде жасауға керемет мүмкіндік. Жақсы камераның арқасында объектінің жоғары сапалы фотосуреттері қол жетімді және бағдарламалар тек эскиздерді ғана емес, сонымен қатар толыққанды суреттерді де жасауға және оларды объектіге нақты орналастыруға мүмкіндік береді. Себебі біз тек қабырғаға сурет салмаймыз. Біз планшетті әдеттегі жұмыс кезеңіне біріктіріп, туындыны тезірек іске асыруға күш саламыз», - деді суретшілер.

MatePad 11 - бұл Huawei ұсынатын Harmony операциялық жүйесі бар Орталық Азияда сатып алуға болатын алғашқы құрылғы. Ол Adreno 650 графикасы мен 6 ГБ жедел жады бар Qualcomm Snapdragon 865 сегіз ядролы процессормен жабдықталған. Бұл 120 Гц дейінгі жаңарту жылдамдығымен жұмсақ анимация мен қуатты аз тұтынатын динамикалық бейнені ойнатуға арналған бірінші Huawei планшеті.
Art of the new Technologies көрмесі Барибаева көшесінде орналасқан «Дом 36» ғимаратында 8-10 қазан аралығында өтеді. Келем деушілерге есік ашық.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы