Дүкеннен шампунь ұрлағандар ұсталды

2646
Adyrna.kz Telegram

Теміртауда дүкеннен шампунь ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"2 қазанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында тонау фактісін ашты. Бұл сауда үйлерінің бірінде болған. Бейнекамерада тауарды ашық түрде иемденген екі адамның қылмыстық әрекеттері жазылып қалған. Қылмыскерлер сатушыдан жалпы құны 10 мың теңге шампуньнің бірнеше бөтелкесін алып кеткені бейнетаспада анық көрсетілген",- делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 5 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 28 және 32 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер