Ауғанстанның орталығындағы Дайкунди провинциясында 300 Талибан содырларынан тұратын жазалаушы топ Хидр аймағында арнайы операция өткізіп, Ұлттық қауіпсіздік күштерінің бұрынғы 11 қызметкерін өлім жазасына кескен. Бұл туралы Amnesty International 5 қазанда жариялаған есебінде хабарлады.
Атыс кезінде жергілікті тұрғындар да зардап шеккен. Қаза тапқан ANSF мүшелерінің барлығы хазар ұлтының өкілдері болғаны және жас аралықтары 26 мен 46 арасында болған. Бұл хазарларды өлтіру бойынша нақты дәлелденген екінші оқыиға болып отыр. Бұған дейін Газни провинциясында дәл осындай оқиға шілдеде болған еді. Талибан лаңкестерінен бөлек хазарларды ДАИШ содырлары да өлтіру жиілеген.
Amnesty International бас хатшысы Агнес Калламард: "Бұл сұмдық оқиға тәлібтердің шынайы бейнесін ашып көрсетеді және олардың еш өзгермегенінің дәлелі болып отыр",-деді.
Тәлібтер хазарларды қуғындауды тоқтатар емес. Олар билікті қарумен басып алғаннан кейін, Гизаб пен Пато аудандарында 20 мың хазар босып кеткен.
"Адырна" ұлттық порталы