Жылына 50 мың техника: Өзбекстан Түркіменстанға көлік зауытын салады

3420
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан Түркіменстанда автокөлік пен электротехникалық бұйымдар шығаруды ұйымдастырмақ. Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақов Ташкентте өткен өзбек-түрікмен форумында айтты.

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас бірнеше бағытта дамуы тиіс екенін атап өтті: сауда, өндірістік кооперация, көлік-логистикалық серіктестік пен өңіраралық ынтымақтастық.

Форумда бірлескен кәсіпорындар ашу туралы келісімге қол жеткізілді. «Өзавтосаноат» пен «Түркіменстан-Моторс» компаниялары арасында Түркіменстанда арнайы автокөлік өндірісін құру туралы келісімге қол қойылды. Бірінші жылы кәсіпорын 10 мың бірлікке дейін ауыл шаруашылығы техникасы мен тіркемелер шығаруды жоспарлап отыр, ал 4-5 жыл ішінде жылына 50 мың бірлікке дейін жетеді деп күтілуде.

Бұған дейін хабарланғандай, дүйсенбі күні Ташкентте президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің елге ресми сапары аясында өзбек-түрікмен экономикалық форумы өтті. Форум аясында екі ел делегациясының мүшелері 13 екіжақты құжатқа қол қойды, оның ішінде экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру туралы жалпы сомасы 13,5 млн долларлық келісім бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер