Талибан (Ресейде тыйым салынған террористік ұйым) Кабулдағы Ресей елшілігінде «Ислам мемлекеті» (ИМ, Ресейде тыйым салынған қозғалыс) лаңкестерін өлтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Риа Новости сайтына сілтеме жасап.
«ИМ лаңкестері мен Талибан арасындағы шайқас Ресей елшілігінен жүз метр қашықтықта басталған. Бес содырдан тұратын топ жойылды », - деді агенттік дереккөзі.
Дүйсенбі, 4 қазанда елшілік ғимаратынан атыс дыбыстары естілген. Болжам бойынша, атыс кезінде пулеметтер қолданылған.
Бұған дейін Ауғанстанның Жалалабад қаласындағы Талибан қозғалысы ИМ -нің екі лаңкесін асып өлтірген. Содырлардың жойылуы Джалалабадта болған бірнеше жарылысқа қарсы соққы болғаны атап өтіледі.
Оқиға куәгерлері қаза тапқандар арасында талибан жауынгерлері де бар екенін хабарлады.
”Адырна” ұлттық порталы