Ресей зымыраны Киевтегі ең үлкен балалар ауруханасына түсті

1397
Adyrna.kz Telegram
Фото: T.ME/UA_NATIONAL_POLICE
Фото: T.ME/UA_NATIONAL_POLICE

Ресейдің Киевке жіберген зымырандарының бірі балалар ауруханасына түсті. Бұл туралы Киев қаласының әкімі Виталий Кличко Telegram-да, «Охматдет» директоры Владимир Жовнир «Украинская правда» басылымына берген түсініктемесінде растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, бүгін, дүйсенбі таңертең Ресей Киевке соңғы бір жылдағы ең ауқымды зымыран шабуылдарының бірін жасады. Нәтижесінде соққылардың бірі «Охматдет» ұлттық мамандандырылған балалар ауруханасының ғимаратына тиді,

Қазір онда ғимаратта болған барлық адамдарды эвакуациялау және көшіру ұйымдастырылып жатыр.​​ Куәгерлердің айтуынша, дәрігерлер бөлмесі мен токсикология бөліміне тікелей соққы түскенде, онда адамдар болған. Қазіргі уақытта кем дегенде 5 адамның қаза тапқаны хабарланып отыр, үйінділер астында қалған адамдар да бар.
Пікірлер