4 қазанда кешкі уақытта істен шыққан Facebook, Instagram және Whatsapp әлеуметтік желілері іске қосылды. Ақау неден шыққанын Facebook қызметкерлері түсіндірді. Бұл туралы New York Times журналисі Шира Френкель Twitter-де жазды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сөйтсек, Facebook қызметкерлері желіде неден ақаудан шыққанын анықтау үшін компанияға барып, кіре алмаған екен.
"FB жұмысшысы таңғы уақытта қызметкерлер кеңсеге кіре алмағанын телефон арқылы айтты, себебі бейдждер есік құлпын аша алмаған", - деп хабарлады Френкель Twitter-де.
The New York Times журналисі Райан Мак Facebook қызметкерлері іскерлік коммуникацияларға арналған ішкі бағдарламалар жұмысындағы проблемаға байланысты жұмыс істей алмағанын жазыпты.
"Facebook қызметтері мен қосымшалары ғана емес, сонымен қатар оның ішкі құралдары мен байланыс платформалары, соның ішінде Workplace (жұмыс байланысы қызметі) жұмыс істемеді. Ешкім ешқандай жұмыс істей алмайды. Мен сөйлескен бірнеше адам бұл компаниядағы "қарлы күннің" баламасы екенін айтты", - деп жазды ол.