10 Шымкеттік спортшы XXXII жазғы олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды

1615
Adyrna.kz Telegram

Дүйім жұрт асыға күткен Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындары басталды. Дүбірлі додаға еліміздің үшінші мегаполисінен 10 спортшы аттанды. Бүгін шымылдығы түрілген байрақты бәсеке тамыздың 8-ші жұлдызына дейін жалғасады.

Токио төрінде Оқ ату спорт түрінен - Юрий Юрков ертең өнер көрсетеді. Сондай-ақ Стенд атудан - Зоя Кравченко, Каратэден - Дархан Асадилов, Юлдашев Данияр, Берульцева Софья, Бокстан - Закир Сафиуллин,Байдарка және каноэ есуден (К-2) - Тимофей және Сергей ЕмельяновтарКөркем гимнастикадан - Алина Адилханова,  Дзюдодан - Галбадрах Отгонцэцэг ел намысын қорғайды. Сонымен қатар, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары болады. Оған Шымкенттен суда жүзу спорт түрінен Роман Агалаков қатысады. Ол 24 тамыз -5 қыркүйек аралығында еліміздің намысын қорғайды.

 

Авт. Нұрұслтан

Пікірлер