Шымкентте соңғы уақытта пластик шикізаты шектен тыс қымбаттаған. Бар болғаны екі аптаның ішінде шаһарда балалар ойыншығына шығаруға қажетті шикізаттың құны 40 пайызға өскен. Салдарын тауар өндірушілер тартып отыр. Өйткені, олар бағаны қымбаттатса өз өнімдерін сата алмайды. Сондықтан соңғы уақытта шаһардағы кейбір кәсіпорындар өз өнімділігін төмендеткен.
Бұл Шымкенттегі балалар ойыншығын шығаратын жалғыз кәсіпорын. Наурыс пластик деген атау мен 10 жылдан бері ойыншықтың бірнеше түрін шығарып келеді.Ойыншықтар сапалы әрі бағасы қолжетімді. Шетелдік ойыншықтарға қарағанда әлдеқайда арзан, көтерме бағамен алушылар үшін тиімді.Бүгінде «Байтемірова» кәсіпорнында түрлі өлшемдегі ауыр жүк көліктерінің модельдік ойыншықтары, баланың өзі де отырып, айдай алатын «көліктенр, құрастырмалы ойыншықтар және құм жинайтын қалыптарды шығарылады..
Рабиға Байтемірова - жеке кәсіпкер
Негізінде кәсіпорын 2011 жыл мемлекеттік қолдаудың арқасында іске қосылған. Төмен пайызбен 50 теңге несие алып Қытай елінен қажетті құрылғыларды әкеліп іс бастайды. Сол кездегі жоспар бойынша биыл бұл цех ұлғайып қосымша балалардың дамуына қажетті дүниелерді шығаруы тиіс еді. Бірақ қалыптасқан жағдай оған мүмкіндік бермей отыр.
Ең маңыздысы – Шымкенттен шығатын ойыншықтар еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларының барлық талаптарына сай. Ойыншықтарды жасауда пайдаланатын шикізіттар токсикологиялықь жағынан қауіпсіз, балалардың денсаулығына ешқандай зияны жоқ.
Әсел Пернебекова – қызметкер
Айтып өту керек, Шымкентте пластик өндірумен айналысатын 20-ға жуық цех бар. Ал, оларға шикізат ұсынатын бірде бір зауыт жоқ. Сондықтан барлығы шикізатты шеттен тасымалдайды. Соңғы уақытта бағаның шарықтауы барлық тауар өндірушілер үшін жығылғанға жұдырық болды. Өйткені, шикізат қымбаттаған мен кәсіпкерлер тауар бағасы өсіре алмайды.Себебі, көрші Өзбекстан өзінің арзан өнімін еш кедергісіз біздің нарыққа саудалайды алады.
Айдана Қуанышқызы